Sound Bar Quick Guide
Қабырғаға бекітпей тұрып тексеру
Бұл өнім мен сымсыз артқы динамиктерді қабырғаға бекітуге болады.
Өнім мен сымсыз артқы динамиктерді қабырғаға бекіткен кезде төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Алдымен төмендегіні тексеріңіз.
- Қабырғаға орнатқаннан кейін сыртқы құрылғылар мен кабельдерді қосу қиындық тудыруы мүмкін. Алдымен сыртқы құрылғыны қабырғаға бекітпес бұрын, тиісті жалғастырғыш кабель көмегімен өнімге жалғаңыз.
- Өнімді қабырғаға бекітерде келесілерге назар аударыңыз. Процесс кезінде өнім зақымдалуы немесе жарақ алу қаупі бар.
- Қабырғаға орнатылған өнімнің үстіне заттар қоймаңыз.
- Өнімді құлап қалмайтындай қабырғаға бекіту бұрандаларын пайдалана отырып мықтап бекітіңіз.
- Балалардың қолы жетпейтініне көз жеткізіңіз. Бекітілген өнімді тарту немесе шайқау оның құлап кетуіне әкелуі мүмкін.
- Өнімнің жоғарғы жағында да динамиктер бар. Өнімді теледидардың астына орнатқан кезде, оны теледидардың төменгі жағынан 10 см қашықтықта орнатыңыз.
- Құрастыру кезінде барлық берілген бұранданың бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Бұрандалар толығымен қатайтылмаса, өнім еңкейіп немесе аударылып, нәтижесінде зақымдалуы мүмкін. Бұрандаларды шамадан тыс күшпен қатайту бұранда қосылысының қажалуына байланысты олардың шығып кетуіне әкелуі мүмкін.
Өнімді бекітуге арналған құрамдастар
|
Дыбыс тақтасы |
|
|
Қабырға кронштейні |
|
|
Дыбыс тақтасының бұрандалары |
|
|
Қабырға кронштейнін орнату бойынша нұсқаулық |
|
Бөлек сатылады
|
Кронштейн бұрандалары |
|
|
Қабырға тығындары |
|
|
|
|
|
|