Product

Ақауларды жою

Өнімді пайдалану кезінде, келесі мәселелер туындаса, бірнеше тексеру жұмысын жүргізіңіз. Себебі өнімде ақаулар болмауы мүмкін.

Жалпы қателер

Мәселе

Шешімі

Өнім дұрыс жұмыс істемейді

  • Қуат кабельдерін және теледидар,сабвуфер немесе күшейткіш сияқты кез келген сыртқы құрылғыларды өнімнен ажыратыңыз, содан кейін оларды қайта жалғаңыз.

Қуат қосылмайды

  • Қуат сымы розеткаға дұрыс жалғанған ба?
  • - Қуат ашасын розеткаға дұрыс қосыңыз.

Дыбысы жоқ

  • Дыбыс деңгейі ең төменгі мәнге қойылған ба?
  • - Дыбыс деңгейін жоғарылату үшін қашықтан басқару пультіндегі Дыбыс деңгейі 3163.png 3170.png түймесін басыңыз.
  • - Егер теледидар тіркемесі, тасымал құрылғы немесе Bluetooth құрылғысы сияқты сыртқы құрылғыны пайдалансаңыз, сыртқы құрылғының дыбыс деңгейін реттеңіз.
  • Дыбысты өшіру функциясы іске қосылған ба?
  • - Барлық жарықдиод қызғылт сары түспен жыпылықтаса, дыбысты өшіру функциясы қосулы болады. Дыбысын шығару үшін Дыбысты өшіру 3176.png түймесін басыңыз.
  • Қосылған сыртқы құрылғыға байланысты өнім функциясы дұрыс таңдалған ба?
  • - Дұрыс функцияны таңдағаныңызды тексеру үшін Функция 3182.png түймесін басыңыз.

Сабвуфер дыбыс шығармайды

  • Өнім сымсыз сабвуферге дұрыс қосылған ба?
  • - Сымсыз сабвуфердегі жарықдиод жасыл болып жыпылықтаса немесе қызыл түспен жанса, бұл оның қосылмағанын білдіреді. Егер қосылым орнатылса, жасыл шам пайда болады. Өнімді сымсыз сабвуферге қайта қосыңыз. (6-беттегі [Өнімге қосылу” бөлімін қараңыз.)

Қашықтан басқару пульті дұрыс жұмыс істемейді

  • Қашықтан басқару пультін пайдалану кезінде оны өнімнің алдыңғы жағына бағыттаңыз.
  • Қашықтан басқару пультін өнімнен 7 м қашықтықта пайдаланыңыз.
  • Қажетінше батареяларды жаңасына ауыстырыңыз.

Auto Power (Автоматты қуат) функциясы жұмыс істемейді

  • Сыртқы құрылғыларға (мысалы, теледидар тіркемесі, тасымал құрылғы, Bluetooth құрылғысы) қосылуын тексеріңіз.

LG Sound Sync функциясы жұмыс істемейді

  • Теледидарыңыз LG Sound Sync функциясын қолдайтынын тексеріңіз.
  • Теледидардың өнімге оптикалық кабель арқылы қосылғанын тексеріңіз.
  • - Функцияның [LG Sound Sync] қосулы екенін тексеру үшін теледидардың қашықтан басқару пультіндегі Параметрлер түймесін басыңыз.

Өнімнің дыбыс деңгейі төмен

  • Келесіні тексеріп, параметрлерді сәйкесінше өзгертіңіз.
  • - LG ThinQ қолданбасын іске қосып, бастапқы экрандағы [Дыбыс параметрлері] түймесін түртіңіз және [Дыбыс шығысы] мәзірінде [DRC] функциясын [Өшірулі] өшірулі күйіне орнатыңыз.
  • - Өнім теледидарға қосылған кезде теледидардың қашықтан басқару пультіндегі Параметрлер түймесін басып, [Speaker] ([Динамик]) мәзірін таңдап, [Digital Sound Output] ([Сандық дыбыс шығысы]) параметрін [PCM] күйінен [AUTO] ([АВТОМАТТЫ]) немесе [BIRSTREAM] ([БИТТІК АҒЫН]) күйіне өзгертіңіз.
  • - Өнім DVD ойнатқышы немесе Blu-ray диск ойнатқышы сияқты ойнату құрылғысына қосылған болса, қосылған құрылғының Settings (Параметрлер) мәзіріне өтіңіз. [Digital Sound Output] ([Сандық дыбыс шығысы]) параметрін [PCM] күйінен [PRIMARY PASS-THROUGH] ([БАСТАПҚЫ ӨТУ]) немесе [BITSTREAM] ([БИТТІК АҒЫН]) күйіне өзгертіңіз. Қосылған құрылғының [DRC] функциясын [OFF] ([ӨШІРУЛІ]) күйіне орнатыңыз.
  • - Өнімнің Night Time (Түнгі уақыт) режимі қосулы болса, Параметр 13693.png және Сол/Оң жақ түймесін, содан кейін Жоғары/Төмен түймесін басу арқылы өшіріңіз.

Өнім USB сақтау құрылғысын анықтамайды

  • Өнім USB сақтау құрылғысының файл пішімін қолдамауы мүмкін. USB сақтау құрылғысын пішімдеп, оны қайта қосыңыз. Пішімдеу кезінде өнім қолдайтын USB сақтау құрылғысының пішімдерін қараңыз және сәйкес файл пішімін таңдаңыз. (43-беттегі [USB сақтау құрылғысына қосылу” бөлімін қараңыз.)

Bluetooth құрылғысын жұптастыру мүмкін емес

  • Bluetooth құрылғысындағы параметрлер түймесін басып, Bluetooth функциясы қосылғанын тексеріңіз. Егер Bluetooth функциясы қосулы болса, оны өшіріп, қосыңыз, содан кейін әрекетті қайталаңыз.
  • Өнім мен Bluetooth құрылғысы арасындағы кез келген кедергіні жойыңыз.
  • Bluetooth жұптастыру (байланыс) Bluetooth құрылғысының түріне немесе қоршаған ортаға байланысты дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Сымсыз қосылым мәселелері

Мәселе

Шешімі

Радиокедергілер бар

  • Өнім мен сымсыз сабвуферді бір-біріне мүмкіндігінше жақын орнатыңыз.
  • Өнімді металдан жасалған жиһазға орнатпаңыз.
  • Сымсыз байланыс әлсіз сигнал аймақтарында дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Bluetooth қосылымы ақауды немесе шуды тудырады

  • Bluetooth функциясын пайдаланғанда шу естіле ме, әлде ақау байқала ма?
  • - Денеңіздің кез келген бөлігін Bluetooth құрылғысының қабылдап-таратқышына немесе өнімге жанасуына жол бермеңіз.
  • - Bluetooth құрылғысын қабырғаға немесе оңаша орынға орнатпаңыз.
  • - Өнім мен Bluetooth құрылғысы арасындағы кез келген кедергіні жойыңыз.
  • - Bluetooth құрылғысын өнімнің жанына орнатыңыз.
  • Bluetooth құрылғысы өнімнен тым алыс болған кезде, Bluetooth өшірілуі немесе ақаулар пайда болуы мүмкін.
  • - Bluetooth құрылғысын сымсыз бағдарлауыштар, медициналық жабдық және қысқа толқынды пештер сияқты өніммен бірдей жиілікте қолданылатын құрылғылардан 1 м қашықтықта орнатыңыз.

Демо режимін өшіру

Мәселе

Шешімі

Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді

  • Функция 3238.png түймеcін бірнеше рет бассаңыз да, функциялар өзгермей ме?
  • Тек ақ, қызыл және жасыл жарықдиодтарды қайта-қайта көресіз бе?
  • - Өнімде демо режимі іске қосылуы мүмкін. Құрылғының қуат кабелін ажыратып, оны қайтадан жалғаңыз.
  • - Қашықтан басқару пульті әлі жұмыс істемесе, саундбардағы Функция 3244.png түймесін шамамен 5 секунд басып тұрыңыз. Өнім қалыпты жұмыс істесе, бұл демо режимінің өшірілгенін білдіреді.

Қосымша