Sound Bar Quick Guide
Қолданбаны орнату
LG XBOOM қолданбасында динамиктің әртүрлі функцияларын пайдаланыңыз.
LG XBOOM қолданбасын орнату үшін қолданбаның көмегімен QR кодты сканерлеңіз немесе Google Play не App Store дүкеніндегі LG XBOOM қолданбасын орнатыңыз.
Алдымен төмендегіні тексеріңіз.
- LG XBOOM қолданбасы төменде көрсетілген нұсқаларда қолжетімді.
- Android ОЖ: 6.0 немесе одан кейінгі нұсқасы
- iOS OЖ: 12.0 немесе одан кейінгі нұсқасы
- Әр ОЖ үшін минималды қолдау көрсетілетін нұсқалар кейінірек өзгеруі мүмкін.
QR код арқылы жүктеп алу
- a QR кодты сканерлеу қолданбасы арқылы QR кодты сканерлеңіз.
- b LG XBOOM қолданбасын жүктеп алуға болатын бетке өтесіз. Қолданбаны орнату үшін оны түртіңіз.
(Android телефоны OЖ)
(iPhone OЖ)
Google Play немесе App Store дүкенінде жүктеп алу
- a LG XBOOM қолданбасын Google Play немесе App Store дүкенінен тауып, оны смартфоныңызға орнатыңыз.
(Android™ телефоны)
(iPhone)
- b Смартфонды Bluetooth құрылғысы арқылы динамикке қосыңыз. ([15-беттегі “Bluetooth арқылы смартфонды динамикке қосу” бөлімін қараңыз.)
- c Смартфонға орнатылған LG XBOOM қолданбасын ашыңыз.
- d LG XBOOM қолданбасындағы нұсқауларды орындаңыз. Қызмет көрсету шарттарына, ескерту терезелеріне, қол жеткізу параметрлеріне және т.б. келісім беріңіз.
- e LG XBOOM қолданбасында әртүрлі функцияларды пайдалануды бастаңыз.
|
|
|
|
|