Product

Өнімді USB сақтау құрылғысына қосу

Өнімге музыкалық файлдары бар USB сақтау құрылғысын қосу арқылы музыканы тыңдай аласыз.

  1. a Өнімнің артқы қақпағын ашып, USB сақтау құрылғысын USB клеммасына қосыңыз.
  • Өнім USB сақтау құрылғысының шоғырлағышы немесе USB сақтау құрылғысының кабелі арқылы қосылған кез келген құрылғыны ойната алмайды.
  • Өнім USB сақтау құрылғысына, USB типті MP3 ойнатқышына немесе құрылғының бөлек дискісінің орнатылуын қажет ететін жад картасын оқуға арналған құрылғыға қосылмайды.

6577.png

2578.png

  1. b Өнімді қосу үшін Қуат 2580.png түймесін басыңыз.
  2. c USB функциясын таңдау үшін өнімдегі Функция 6115.png түймесін бірнеше рет басыңыз. USB жарықдиоды жанады.

6362.png

2614.png

  1. d Музыка тыңдау үшін Ойнату/Кідірту 2616.png түймесін басыңыз.

2637.png

2645.png Ескертпе

  • Үлкен сақтау көлемі бар USB құрылғыларында файлдарды қарау бірнеше минут немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін.
  • LG Electronics компаниясы кез келген деректердің жоғалуына жауапты емес. Деректердің жоғалуынан болған зақымды азайту үшін әрдайым деректердің резервтік көшірмелерін жасаңыз.
  • Тек FAT16/FAT32 пішімдеріне қолдау көрсетіледі. exFAT/NTFS пішіміне қолдау көрсетілмейді.
  • USB сақтау құрылғысы дұрыс анықталып табылмағанда, USB жарықдиоды жыпылықтайды. USB сақтау құрылғысына қолдау көрсетіліп тұрғанын тексеріңіз және оны қайта қосыңыз.
  • Осы өнімнің USB портын тек медиа файлды ойнату үшін пайдаланыңыз. USB порты арқылы сыртқы құрылғыларды зарядтауға болмайды.

Қолдау көрсетілетін USB сақтау құрылғылары

  • USB флеш құрылғысы
  • USB 2.0

Бұл өнім кейбір USB сақтау құрылғыларын анықтамауы мүмкін.

Ойнатылатын файл сипаттамалары

Файл кеңейтімі

Үлгілеу жиілігі / битрейт

MP3

32 кГц - 48 кГц / 8 кбит/с - 320 кбит/с

WMA

32 кГц - 48 кГц / 56 кбит/с - 128 кбит/с

  • Ойнатылатын файлдар саны: 2 000-ға дейін
  • Каталогтардың макисмалды саны: 200-ге дейін
  • Бұл өнім DRM (Digital Rights Management) (Сандық құқықтарды басқару) бойынша қорғалған файлдарды ойната алмайды.
  • Бұл өнім USB сақтау құрылғысынан бейне файлдарды ойната алмайды.

Қосымша функциялар