SMART HI-FI аудио жүйесімен саундбар
Сыртқы құрылғыға қосылу

Sound Bar Quick Guide

HDMI кабелі арқылы қосу

Теледидар мен сыртқы құрылғыны (ойын консолі, DVD плейері, т. б.) HDMI кабелі арқылы қосып, терең әрі толымды дыбыстан ләззат алыңыз.

Сыртқы құрылғыны HDMI кабелі арқылы қосу

  1. a DVD немесе Blu-ray ойнатқышы сияқты сыртқы құрылғыны қосыңыз. Төмендегі суретте көрсетілгендей, құрылғының HDMI OUT клеммасын өнімнің артқы жағындағы HDMI IN (1) немесе HDMI IN (2) клеммасына қосыңыз.
  2. b HDMI кабелінің көмегімен құрылғының артындағы HDMI d TV (eARC / ARC) клеммасын теледидардағы HDMI IN (ARC) (HDMI КІРІС ARC) клеммасына қосыңыз.

19443.png

19441.png

  1. c Функция 19357.png түймесін күй дисплейінде “HDMI1” немесе “HDMI2” жазуы көрінгенше бірнеше рет басыңыз.

18998.png

18996.png

  1. d Сыртқы құрылғы өнімге дұрыс қосылғанда, құрылғының дыбысын естисіз. Бейнені Dolby Atmos® немесе DTS:X® технологиясы арқылы қосқанда күй көрсеткішінде “DOLBY ATMOS” немесе “DTS:X” жазуы көрсетіледі.

13278.png

13273.png Ескертпе

  • Dolby Atmos® немесе DTS:X® дыбысы 5.1.3 арналарын қолдайды. Сымсыз артқы динамиктер қосылғанда 9.1.5 арналарына қолдау көрсетіледі.
  • Сыртқы құрылғыңыздың (мысалы, Blu-ray ойнатқышы немесе теледидар) Settings (Параметрлер) мәзіріндегі аудио шығыс параметрлерін тексеріңіз. Аудио шығысы [No encoding] ([Кодтаусыз]), [Bitstream] ([Биттік ағын]), [Auto] ([Автоматты]), немесе [Pass through] ([Тікелей қатынау]) опцияларына орнатылуы керек. Шығысты қалай орнату керектігі жөнінде толық ақпаратты сыртқы құрылғыңыздың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
  • HDMI логотипі бар сертификатталған кабельді пайдаланыңыз.