Product

Ақауларды жою

Егер өнімді пайдалану кезінде келесі белгілерді байқасаңыз, оларды қайта тексеріңіз. Олар ақаулар болмауы мүмкін.

Белгі

Себебі және шешімі

Қуат берілмейді.

  • Батарея заряды біткен. Батареяны зарядтаңыз.
  • - Қуат сымын қуаттың кіріс клеммасына қосу арқылы бұйымды зарядтаңыз.

Дыбыс жоқ немесе бұрмаланған.

  • Өнімнің дыбыс деңгейі немесе қосылған Bluetooth құрылғысы ең аз шамаға орнатылған болуы мүмкін. Өнімнің немесе қосылған Bluetooth құрылғысының дыбыс деңгейін сәйкес деңгейге реттеңіз.
  • Максималды дыбыстағы сыртқы құрылғыны пайдалану дыбысты бұзуы мүмкін. Пайдалану үшін сыртқы құрылғының дыбыс деңгейін төмендетіңіз.

USB сақтау құрылғысы танылмады.

  • Өнім USB сақтау құрылғысының файлдық жүйесін қолдамауы мүмкін. USB сақтау құрылғысын пішімдеп, оны қайта қосыңыз. Пішімдеген кезде, өнімде қолжетімді қолдау көрсетілетін USB сақтау құрылғысының пішімін тексеріп, сәйкес файлдық жүйені таңдаңыз. ([ 23-беттегі "Өнімді USB сақтау құрылғысына қосу" бөлімін қараңыз.)

Bluetooth құрылғысына қосылу сәтсіз аяқталды.

  • Bluetooth параметрінің қосылғаны не қосылмағанын тексеріңіз.
  • Bluetooth құрылғысындағы Bluetooth параметрін өшіріп, қайта қосыңыз.
  • Өнім мен Bluetooth құрылғысының арасында кедергілердің жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
  • Bluetooth жұптастыру (қосу) процесі Bluetooth құрылғысының түрі мен айналадағы ортаға байланысты орындалмауы мүмкін.

Өнім қалыпты жұмыс істемейді.

  • Батарея заряды біткен жағдайда, Bluetooth ақпараты жойылуы мүмкін. Өнімнің қуат беру көзі бұғатталса, алдыңғы параметрлер сақталмауы мүмкін.
  • Осы өнімді температура мен ылғалдылық деңгейі тым жоғары немесе төмен емес жерде пайдаланыңыз. Егер мәселе шешілмесе, LG Electronics компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  • Өнім батареясын зарядтаған кезде, мәселе пайда болса, батареяның жарықдиоды қызыл және сары түспен кезек-кезек жанады және зарядтау тоқтайды. Адаптерді розеткадан ажыратыңыз.

Жоғарыдағы шешімдер жұмыс істемейді.

Қосымша